Алматыда қазақтың бұлбұл әншісіне ескерткіш орнатылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Алматыда КСРО халық әртісі, атақты опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда КСРО халық әртісі, атақты опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстігінде, Байсейітова көшесінің шығысына қарай қойылады.

Қаланың мәдениет басқармасы өкілі Роза Бағлановаға арналған ескерткіштің үздік жобасын жасауға 2021 жылдың 12 наурызына дейін ашық конкурс жарияланғанын атап өтті.

"Бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралады. Бүгінгі таңда ескерткіштің нақты сомасы белгісіз", - деді мәдениет басқармасындағылар.

Айта кетейік, халық әртісінің ескерткіші өзі дүниеге келген Қызылорда облысының Әйтеке би ауылында 2015 жылы орнатылған.

Роза Бағланова Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941 жылы оған Мәскеу консерваториясына жолдама берілді, бірақ соғыс басталып, ол Өзбек КСР-нің мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблімен бірге майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында әншінің шығармашылық жолы басталды.

Әртістер бригадасының құрамында жүрген ол Кеңес әскері жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті. Әнші Лидия Русланованың репертуарынан әндер мен частушкалар, соның ішінде әйгілі "Ах, Самара-городокты" шырқайтын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer