"Қазына" хор ансамблі Алматыдағы "Қазақконцерт" залында тұңғыш жеке концертін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғалымжан Берекешев жетекшілік ететін ансамбльдің кеші 19 қазан күні сағат 18.00-де болады.

Ұжым тұжырымдамасының негізі - түрлі тілдегі музыкалық композицияларды жанды дауыспен орындау - a-capella және түрлі ырғақта ойналатын ұрмалы аспаптар дыбысын вокалмен ауыстыру. Ансамбль мүшелері әр алуан жанрларды біріктіреді: классика, қазақтың халық музыкасы және поп-музыка. Айта кетейік, "Қазына" ансамблі - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қоры грантының иегері.
Бұған дейін "Қазына" ансамблінің "Күз дауыстары" думанында өнер көрсеткені хабарланған болатын. Tengri FM радиосы ұйымдастырған концертте көмей әуендері, академиялық вокал, этникалық және электронды музыка жарасым тапты. Кештің шешуші фигурасы тувалық виртуоз Радик Тюлюш болды. Сахна күз тақырыбында безендірілді. Өнерпаздар көрерменге "күзгі ертегі" ұсынды. Бұл думан The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі аясында өтті. Tengri FM кезекті музыка кешін осы жылдың қараша айында ұсынады.