Алматыда "Қазына" хор ансамблі өнер көрсетеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Қазына" ансамблінің концерті 19 қазан күні өтеді. ©KS production "Қазына" ансамблінің концерті 19 қазан күні өтеді. ©KS production

"Қазына" хор ансамблі Алматыдағы "Қазақконцерт" залында тұңғыш жеке концертін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғалымжан Берекешев жетекшілік ететін ансамбльдің кеші 19 қазан күні сағат 18.00-де болады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазына" хор ансамблі Алматыдағы "Қазақконцерт" залында тұңғыш жеке концертін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғалымжан Берекешев жетекшілік ететін ансамбльдің кеші 19 қазан күні сағат 18.00-де болады.

Ұжым тұжырымдамасының негізі - түрлі тілдегі музыкалық композицияларды жанды дауыспен орындау - a-capella және түрлі ырғақта ойналатын ұрмалы аспаптар дыбысын вокалмен ауыстыру. Ансамбль мүшелері әр алуан жанрларды біріктіреді: классика, қазақтың халық музыкасы және поп-музыка. Айта кетейік, "Қазына" ансамблі - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қоры грантының иегері.

Бұған дейін "Қазына" ансамблінің "Күз дауыстары" думанында өнер көрсеткені хабарланған болатын. Tengri FM радиосы ұйымдастырған концертте көмей әуендері, академиялық вокал, этникалық және электронды музыка жарасым тапты. Кештің шешуші фигурасы тувалық виртуоз Радик Тюлюш болды. Сахна күз тақырыбында безендірілді. Өнерпаздар көрерменге "күзгі ертегі" ұсынды. Бұл думан The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі аясында өтті. Tengri FM кезекті музыка кешін осы жылдың қараша айында ұсынады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer