Алматылық экскаваторшы "Голос Украины" шоуында жұртты тәнті етті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық экскаваторшы "Голос Украины" шоуында жұртты тәнті етті Сурет жеке мұрағатынан

Димаш Дәулетов "Голос Украины" шоуының 12-маусымына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Дәулетов "Голос Украины" шоуының 12-маусымына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол байқаудың 4-шығарылымында Whitney Houston-ның "I Have Nothing" әнін орындап, тәлімгерлерді тәнті етті.

27 жастағы жігіттің айтуынша, бала кезінен бері ән айтады. Алайда ата-анасының айтуымен колледжге экскаватор мен бульдозер жүргізушісі мамандығына оқуға түскен. Төрт жыл Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде экскаваторшы болып жұмыс істеген.

"Бұл сахнаны көптен армандадым. Дауысым дірілдеп тұрды. Қатты уайымдадым, өйткені бүкіл Қазақстан көреді. Оля Полякова бұрылғаннан кейін сенімді айта бастадым. Сахнаға шықпас бұрын сұхбат беріп: "төрт тәлімгер бұрылса, олардың рекциясына қарап, кімге баратынымды таңдаймын" деп едім. Солай болды", - деді Димаш.

Болашағы бар әншіге төрт тәлімгер де бұрылды. Сөйтіп, Димаш үшін нағыз күрес басталды. Тәлімгерлердің әрқайсысы жас жігіттің өзін таңдағанын қалады. Бірақ ол Оля Полякованың командасына барғысы келді.

"Мені қатты қуанттың. Рақмет! Сенімен бірге жұмыс істеу - қуаныш әрі құрмет. Сен - қазір де дайын әртіссің. Өте дарынды әртіс. Аздап бағыттап жіберу керек. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", - деді Оля.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети