16 қараша 2016 | 17:29

Алматылықтар Сиви Махмудидің мейрамханасына шағымданып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Сиви Махмудиге туған күніне Алматыдан мейрамхана сыйланған болатын, бірақ қала тұрғындары бұл мейрамханаға бірден шағым айта бастапты. "Лаундж-бардың" Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты мейрамхананы жалға алушыға айыппұл салынды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Сиви Махмудиге туған күніне Алматыдан мейрамхана сыйланған болатын, бірақ қала тұрғындары бұл мейрамханаға бірден шағым айта бастапты. "Лаундж-бардың" Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты мейрамхананы жалға алушыға айыппұл салынды.

Тұрғындардың бірі Лариса Черненконың айтуынша, түнгі уақытқа дейін мейрамханада музыка қатты шыққан. Айта кетейік, жақында қазақстандық әнші өзінің туған күнін осында атап өткен болатын. Ата-анасы қызына туған күніне сыйлық ретінде осы мейрамхананы сыйлаған екен. Черненконың айтуынша, ешкім де тұрғындардан рұқсат сұрамай, музыканың даусын қатты шығарып, онда түні бойы шулаған.

"Заң бойынша олар мейрамхананы шудан оқшаулайтын құрылғымен қамтамасыз етуі тиіс. Мейрамханаға кіретін немесе шығатын бөлек-бөлек есіктер болуы қажет. Олар екінші қабатқа көтерілетін есікті ашып тастайды да, содан үйдің кіреберісінде иістер пайда болады. Үй ескі болғандықтан, қабырғадан барлық шу естіліп жатады, - дейді үйдің тұрғыны. Мен Алматы әкімдігінің сайтына осыған байланысты шағым түсірдім, сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен прокуратура өкілдеріне де шағымданамын", - деді Лариса Черненко.

Ал қалалық әкімдіктегілер болса, бұл шағымды Бостандық ауданының әкіміне жолдау керектігін айтып отыр. "Кейінірек бұл шағымды аудандық кәсіпкерлік бөліміндегілер тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен біріге отырып, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметіндегілермен түнгі уақыттағы мейрамханадағы шуға қатысты мәселені қарайтын болады", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Өз кезегінде Сиви Махмудидің көмекшісі Tengrinews.kz тілшісіне осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Әншінің көмекшісі мейрамхананы жалға алу туралы келісімшартты өз атына рәсімдеген екен. Сиви Махмудидің көмекшісі Асқар Қажымұқанұлының айтуынша, полициядағылар мейрамханада кеше түнгі сағат 23.00-де болған шу үшін 12 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салды.

"Қазір ғана мұнда учаскелік полицей келіп, хаттама толтырып кетті. Маған мейрамхананы жалға алушы ретінде 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Негізі біз мейрамханамыздың ашылуына байланысты әлі ресми іс-шара өткізген жоқпыз. Біз жай туған күнді атап өттік. Сивидің туған күнін түнгі уақытқа дейін атап өткендіктен, шуылдаған болармыз. Бұл жер негізі караоке емес, мұнда жанды дауыста ән шырқалмайды. Бұл лаундж бар, дәмхана, шу шығармаймыз (...) бізде барды ашуға рұқсат құжаттарымыз бар. Тек алкоголь ішімдіктерін алуға лицензия алу қалды", - деді Сивидің көмекшісі. Сондай-ақ, ол бұл мейрамхананың Сиви Махмудиге тиесілі екенін, бірақ бұл жобамен өзі айналысатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети