Қазақстандық әншілер Әлішер Кәрімов пен Amre атымен танымал Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуының оныншы маусымындағы жекпе-жек кезеңінде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әншілер Әлішер Кәрімов пен Amre атымен танымал Ернар Сәдірбаев "Ресей дауысы" шоуының оныншы маусымындағы жекпе-жек кезеңінде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлішер Кәрімов Александр Градскийдің командасында Полина Клинниковамен дуэтте The Prayer композициясын орындады.
"Әлішердің орындауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір уақытта тембрлерді, дауыс күшін қалай көрсетуге болатынына таңмын, шынын айтқанда, бұл қиын. Мен не істерімді білмеймін, бірақ Әлішер, әрине, керемет музыкант", - деді Дима Билан.
Команда тәлімгері Александр Градкий келесі кезеңге Әлішерді өткізді.
Дима Биланның командасынан Ернар Сәдірбаев сахнаға Рустим Бахтияровпен дуэт болып шықты. Олар "Мне с детства снилась высота" әнін шырқады.
"Мен бұл әнді 41 жыл бұрын, 1980 жылғы Олимпиадаға арналған фильм үшін айтқанмын. Жігіттер, сендер, бүгінгінің адамдары, құқықтарың бар. Шынымды айтсам, маған ұнады", - деді Александр Градский.
"Менің ойымша, Ернармен бұдан да қызық музыканы таңдауға болады", - деп тәлімгер Дима Билан қорытындылады да, келесі кезеңге қазақстандықты таңдады.
Енді қазақстандықтар "нокаут" кезеңінде бақ сынасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!