Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуына қатысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуына қатысты

Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов "Ресей дауысы" шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлішер Кәрімов көрмей тыңдау кезеңінде Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің "Мәңгілік махаббат" әнін орындады. Оған тәлімгер Александр Градский бұрылған.

Әнші Пелагея да Әлішерге бірден бұрылғысы келгенін айтты.

"Бұрылғым келді, бірақ жоғарғы ноталарды тыңдайын дедім", - деді әнші.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов - екінші кезеңге өткен үшінші қазақстандық әнші.

Бұған дейін 26 жастағы қазақстандық Ернар Сәдірбаев "Дауыс" шоуына қатысып, төрт тәлімгерді де өзіне қаратқан болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық Әділхан Макин қазылар алқасы мүшелерін өнерімен қуантып, тәлімгер Александр Градский командасына мүше болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети