Анасы қазақ, әкесі болгар. Кристиан Костов "Евровидение-2017" финалына шықты

12 Мамыр 2017, 09:09
0
Анасы қазақ, әкесі болгар. Кристиан Костов  "Евровидение-2017" финалына шықты - Кристиан Костов
Кристиан Костов

Киевте "Евровидение-2017" 62-ші халықаралық конкурсының финалына қатысатын елдер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық көрме орталығының сахнасында "Евровидение-2017" екінші жартылай финалы өтті. Оған 18 елдің өкілі қатысты. 

Шешесі қазақ, әкесі блогар Кристиан Костов Болгарияның атынан шығып, финалға жолдама алды. Ол сахнаға 15-ні нөмірде шығып, Beautiful Mess әнін орындады. Финалған Румыния, Хорватия, Венгрия, Дания, Израиль, Норвегия, Нидерланды, Австрия елдерінің өкілдері шығып отыр. 

Болгария: Kristian Kostov - Beautiful Mess

Беларусь: Naviband - Story Of My Life

Австрия: Nathan Trent - Running On Air

Румыния: Ilinca ft. Alex Florea - Yodel It!

Норвегия: JOWST - Grab The Moment

Израиль: IMRI - I Feel Alive

Хорватия: Jacques Houdek - My Friend

Венгрия: Joci Pápai - Origo

Нидерланды: OG3NE - Lights and Shadows

Дания: Anja - Where I Am

9 мамырда қткен бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша финалға Молдавия, Әзірбайжан, Грекия, Швеция, Португалия, Польша, Армения, Аустралия, Кипр, Бельгия елдерінің өкілдері шыққан. 

Бельгия: Blanche - City Lights

Швеция: Robin Bengtsson - I Can't Go On

Молдова: Sunstroke Project - Hey Mamma

Аустралия: Isaiah - Don't Come Easy

Әзірбайжан: Dihaj - Skeletons

Португалия: Salvador Sobral - Amar Pelos Dois

Грекия: Demy - This Is Love

Польша: Kasia Moś - Flashlight

Кипр: Hovig - Gravity

Армения: Artsvik - Fly With Me

Сондай-ақ, конкурстың шарттарына сәйкес, финалға "үлкен бестіктің" өкілдері шықты, олар Евровидениенің негізгі демеушілері Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және Испания, сонымен қатар, конкурс өткізіп жатқан Украинаның қатысушысы. Осылайша, финалда 26 елден қатысушылары өнер көрсетеді. 

Франция: Alma - Requiem

Германия: Levina - Perfect Life

Ұлыбритания: Lucie Jones - Never Give Up On You

Испания: Manel Navarro - Do It For Your Lover

Италия: Francesco Gabbani - Occidentali's Karma

Украина: O.Torvald - Time

Жартылай финалдағы дауыс беру қорытындысы бойынша, 16 елдің өкілі финалға өте алмады: Грузия, Словения, Албания, Чехия, Финляндия, Исландия, Латвия, Черногория, Сербия, Македония, Сан-Марино, Мальта, Ирландия, Швейцария, Литва ижәне Эстония.

"Евровидение" финалын Қазақстанда "Хабар" телеарнасы 14 мамырға қараған түні 01.00-де көрсетеді. Конкурс жеңімпазы хрусталь микрофон түріндегі жүлде алып, өз елінде байқау өткізу құқығына ие болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай