Андрей Малахов ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы болған Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Андрей Малахов ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы болған Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы бағдарламаның YouТube арнасында айтылды.
Бағдарлама жүргізушісі қазақстандық әншіні "жаңа секс-символ өкілі" деп айтқаны үшін кешірім сұраған.
"Менің Instagram парақшам "жарылып кетті". Маған "Қалай сіз оны олай атадыңыз, ол - ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секс-символ? Ол сіздерде, Ресейде солай..." деді. Сені (солай айтқаныма) кешірім сұраймын", - деді тележүргізуші.
Бағдарлама барысында Димаш Қазақстанда Славян базары байқауының арқасында, ал әлемдік деңгейде I'm singer жобасының арқасында танымалдығы артқанын айтқан. Жеке өмірі туралы сұраққа жауап бермейтінін мәлімдеген.