19 маусым 2021 | 18:00

Әнші МакSим жасанды комаға түсті

Фото: instagram.com/maksimartist

МакSим лақап атымен танымал ресейлік әнші Марина Абросимова жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, жасанды комаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

МакSим лақап атымен танымал ресейлік әнші Марина Абросимова жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, жасанды комаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Агенттікке сұхбат берген МакSим-нің өкілі әншінің өкпесі қатты қабынып кеткенін және сатурациясы төмен пневмония диагнозы қойылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Шамасы коронавирус, бірақ тест нәтижесі теріс. Яғни, қан оттегімен өте төмен қанығып жатыр. Ол оттегіге жауап қайтармайды, өкпесі тазармаған, сондықтан дәрігер оны комаға жатқызуды ұйғарды", - деді әншінің өкілі.

Ол МакSим комада бірнеше күн жататынын айтты.

"Дәрігер жақсы болжамдар айтып отыр, яғни бұл оттегіге ашығудың алдын алу үшін жасалды, сондықтан қазір барлық күш өкпесін тазартуға жұмсалып жатыр, осылайша ол біртіндеп комадан шығарылып, ем қандай нәтиже беретінін көреміз", - деді ол. 

Ресейлік әнші МакSим өкпесінің 40 пайызы қабынып, ауруханаға түскені хабарланған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная