16 маусым 2021 11:39

Ресейлік әнші МакSим өкпесінің 40 пайызы қабынып, ауруханаға түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/maksimartist Фото: instagram.com/maksimartist

Ресейлік әнші МакSим (Марина Абросимова) өкпесінің 40 пайызы қабынып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік әнші МакSим (Марина Абросимова) өкпесінің 40 пайызы қабынып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жариялады. Ол тұмау белгілері болғанына қарамастан концерттердің бірінде өнер көрсеткенін мойындаған. Бірақ коронавирусқа сынама тапсырғанда теріс нәтиже көрсеткен екен.

"Сахнаға шықанымда дене қызуым 39 градусты көрсетіп тұрды. 13 маусымда сынама тапсырдым, нәтижесі теріс болды. Бірақ, кейін денсаулығым нашарлай бастады, қызуым түспеді. Мен қайта дәрігер шақырдым. Олар клиникаға апарды. Қазіргі уақытта өкпемнің 40 пайызы қабынған. Бірақ сынама теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлер пневмония деп отыр", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, әнші 19 маусымда өтетін концертіне билет сатып алған көрерменнен кешірім сұрады.

"Жақында жазыламын және сіздермен тағы кездесеміз деген үміттемін", - деді әнші.

2018 жылы БАҚ 12 жылдық шығармашылықтан кейін МакSим мерзімсіз демалысқа кететінін жазған болатын. Себебі, әншінің денсаулығы сыр берген. Кейін тілшілер аурудың себебі ми тамырларымен байланысты екенін айтып, әншінің денсаулығына дәрігерлер алаңдаушылық білдіргенін жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети