Әнші Лидо Лос-Анджелесте босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Лидо Лос-Анджелесте босанды

Әнші Лидо үшінші сәбиін өмірге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Лидо үшінші сәбиін өмірге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Лидо Instagram желісіндегі парақшасында сүйінші хабарын бөлісті. "Ұлды болдық! Құдайға шүкір. Салмағы - 3600 грамм, бойы - 52 сантиметр. Рамис деп атадық", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін әншінің үшінші баласын күтіп жүргенін хабарлаған едік. Қазақстанға танымал әншінің 6 жасар Риана есімді қызы мен 4 жасар Рахман деген ұлы бар. Лидо өзінің отбасы туралы берген сұхбатында жары Русланның өте қызықты адам, сүйікті әке, жақсы күйеу екенін айтқан болатын. Қазір ол Қазақстанға әншілігімен ғана емес, дизайнерлік, әртістік қабілетімен танылып жүр. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети