Әншіге жол-көлік оқиғасы үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әншіге жол-көлік оқиғасы үшін айыппұл салынды ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева. ©Youtube.com

Танымал әнші Бақыт Шадаева жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Бақыт Шадаева жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 29 наурыз күні сағат 16.10 шамасында болған. Қазыбек би көшесінде Toyota Pradо көлігін айдап келе жатқан әнші Ағайынды Абдуллиндер көшесін қиып өте бергенде "Жол беріңіз" деген белгіні ескермеген. Соның салдарынан Renault Sandero автокөлігіне соқтығысты. 

Ол көлікте ер адам болған. Оқиғаның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әншіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу туралы қаулы шығарды.

Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Алматы соты музыкант Жәмила Серкебаеваға айыппұл төлеу туралы қаулы еткен болатын. Ол қазан айында өзінің Lexus көлігімен жаяуларды және өзге көліктерді түйіп кеткен еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети