Арман Дәулетияров Қайрат Нұртаспен бірге ән салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Дәулетияров Қайрат Нұртаспен бірге ән салады Коллаж. ©Tengrinews.kz

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров қазақстандық әнші Қайрат Нұртаспен бірге ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров қазақстандық әнші Қайрат Нұртаспен бірге ән жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ертең "Қазақстан" телеарнасында Қайрат Нұртас пен Арман Дәулетияровтың дуэті жазылған бағдарламаның түсірілімі болады. Әнді кеше ғана 8 наурызға арнап жаздым", - деді Дәулетияров Муз-ТВ жүлдесіне қатысты Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметінше, Муз-ТВ жүлдесі 5 маусым күні Астанада өтеді. "Қазақстанның үздік әртісі" номинациясы арнайы бекітілді, сарапшылар әртістердің бестігін анықтап, қазақстандықтар оларға дауыс береді.

Сонымен қатар, музыкалық телеарнаның бас директоры әртістердің қызыл кілем үстімен қазақтың ұлттық әуені шырқалып тұрған кезде жүріп өтетінін айтты. Марапатты Лера Кудрявцева, Максим Галкин мен Ксения Собчак жүргізеді. Төртінші жүргізушінің есімі әзірше жарияланған жоқ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүлденің алдында болатын концерттер тегін. Ал Муз-ТВ жүлдесінің билет құны мың теңге және бес мың теңгеге аралығында болады.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети