04 шілде 2015 | 23:49

"Астана жұлдызы" байқауында Батырхан Шүкеновтің баласы әкесінің сыйлығын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Шүкенов әкесінің сыйлығын алды. ©"Астана жұлдызы" баспасөз қызметі Мақсұт Шүкенов әкесінің сыйлығын алды. ©"Астана жұлдызы" баспасөз қызметі

"Астана жұлдызы" жүлдесінде "Музыканың дамуына қосқан үлесі үшін" аталымындағы сыйлық марқұм Батырхан Шүкеновке тағайындалды, сыйлық оның баласы Мақсұт пен директоры Олжас Байқановқа табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана жұлдызы" жүлдесінде "Музыканың дамуына қосқан үлесі үшін" аталымындағы сыйлық марқұм Батырхан Шүкеновке тағайындалды, сыйлық оның баласы Мақсұт пен директоры Олжас Байқановқа табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыйлықты "Арай" ансамблінде Батырхан Шүкеновпен бірге өнер көрсеткен Сағынай Абдуллин, Наджиб Вильданов табыс етті.

"Біз Наджиб екеуміз бұл сахнада Батырханды біліп қана қоймай, онымен дос болып, бірге көп жылдар бойы бір ансамбльде жұмыс істеген адам ретінде тұрмыз. Қайталанбас музыкант. (...) Бұл барлығымыз үшін ауыр қайғы", - деді Абдуллин.

Сыйлықты алуға сахнаға Мақсұт Шүкенов пен әртістің директоры Олжас Байқанов шықты. "Менің әкемді бағалап, жақсы көретіндеріңіз үшін барлығыңызға рақмет", - деді Батырхан Шүкеновтің баласы Мақсұт.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Астана-жұлдызы-2015" музыка жүлдесінің марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл оқиға Астана күніне арналып отыр. Жүлде 12 аталымда берілді. Жеңімпаздарға алтын жұлдыз түріндегі мүсіншелер берілді.

©Instagram/dastanello

Дауыс беру қорытындысы бойынша, "Астана жұлдызы-2015" музыка жүлдесінің ең үздік орындаушысы - Айқын Төлепбергенов, ал нәзік жандылар арасында - Жанар Доғалова. Жанар "Ізін көрем" әнімен "Жыл әні" аталымында да жүлде алды. Үздік ерлер тобы және үздік қыздар тобы аталымдары бойынша "Жігіттер" және "Асыл" топтары жеңіске жетті. Ал "Жыл жаңалығы" аталымындағы сыйлықты Санда есімді әнші еншіледі.

Сонымен қатар, Арман Дүйсенов үздік композитор, ал Қалқаман Сарин үздік өлең авторы, Павел Ли үздік аранжировкашы болды.  

Ал Ернар Нұрғалиев үздік клипмейкер атанды. "Үздік дуэт" аталымында Беркут пен Аиша жеңіске жетті. 

Ал "Үздік жеке концерт" аталымында Мейрамбек Бесбаев жеңді.  

Сонымен бірге, арнайы жүлделер табыс етілді. "Қазақстандық музыканың дамуына үлес қосқаны үшін" жүлдесі Қайрат Байбосыновқа табыс етілді. Сазгерлер Бейбіт Оралұлы мен Ренат Гайсин қазақстандық өнердің дамуына қосқан үлесі үшін арнайы диплом алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети