Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана Операда" Бибігүл Төлегенованың бенефисі өтеді

29 Қыркүйек 2014, 11:49
0
Бибігүл Төлегенова. Tengrinews.kz мұрағатынан
Бибігүл Төлегенова. Tengrinews.kz мұрағатынан

Аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованың 85 жылдығына орай 30 қыркүйек күні "Астана Опера" сахнасында халық әртісінің бенефисі өтеді,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Бенефис бағдарламасында қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспаптық шығармалар орындалады. Гала-концертке Бибігүл Төлегенованың өзі қатысады және мерейтой иесінің құрметіне қазақстандық белгілі опера әншілері, шәкірттері, халық әртісінің атындағы байқаудың жеңімпаздары ән шырқайды. Сондай-ақ концертке "Астана Операның" хоры және симфониялық оркестрі де қатысады.

Концерттен бөлек, Бибігүл Төлегенованың жеке заттары, сахналық киімдері, алған марапаттары қойылған көрме де ашылады. Сонымен қатар көрмеден әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған фотогалереяны тамашалауға болады.

Әртістің өзі айтқандай, қазір ол - өз буынының опера әншілерінен қалған жалғыз әнші. "Биыл менің мерейтойым, сондықтан мен елордаға есеп беруге келдім, қазір мұны бенефис дейді ғой. "Астана Опера" солистерінің жартысы - менің байқауымның лауреаттары, олардың арасында Сүндет Байғожин, Әлфия Кәрімова, Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаевтар бар", - дейді Бибігүл Төлегенова.  

©Astana Opera/Карла Нур


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай