31 қазан 2016 | 12:48

Астанада Алматы қаласының Мәдениет күндері өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 5 қарашада сағат 11.00-де "Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі" мультимедиялық көрмесі мен Алматы туралы фотокөрменің ашылуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 5 қарашада сағат 11.00-де "Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі" мультимедиялық көрмесі мен Алматы туралы фотокөрменің ашылуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап.

"Астана жұртшылығы на мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігіміздің қайнар көзін сипаттайтын Алматы тарих музейі қорынан экспонаттар ұсынылады. Көрменің мультимедиялық контентін Жетісуға және көне дәуірден осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын алғашқы қазақстандық мегаполиске арналған бірегей тарихи суреттер құрайды. Сондай-ақ көрмеге Алматы қаласы бойынша 3D тур ұсынылады. Астана қонақтары мен тұрғындары қаланың танымал, мәдени, маңызды нысандарымен таныса алады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, көрме 2016 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

5 және 6 қарашада Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының Мемлекеттік қуыршақтар театры Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драмалық театрының сахнасында "Алтын Адам" эпикалық спектаклінің қойылымын, сондай-ақ "Куклы шоу" мерекелік спектаклін ұйымдастырады. Театрдың фойесінде екі күн бойы театр ұйымдастырған "Қуыршақтар көрмесі" өтеді.

5 қарашада сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Астана қаласының жастарымен танымал қазіргі ақындардың кездесуі өтеді: Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов.

Сонымен қатар, дәл осы күні сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, Алматы қаласы әкімінің Эстрада-симфониялық оркестрі мен қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен "Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі" атты гала-концерт өтеді. Концертке Айқын Төлепбергенов, Луина, Димаш Қудайбергенов, Диана Шарапова, Әли Оқапов, "Мұзарт", "Қоңыр", "КешьЮ", "Жігіттер", "Сарын" және "Ринго" топтары қатысады.

Ал 6 қарашада сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Сазген Сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов, Талғат Әбуғазы, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев секілді танымал дәстүрлі өнер орындаушыларының қатысуымен "Мәңгілік мұрат" атты дәстүрлі музыка концерті өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети