14 шілде 2014 11:31

Астанада авторлық әндердің халықаралық байқауы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

guitarlesson.ru сайтынан guitarlesson.ru сайтынан

Шілденің 25-27-сі аралығында Астанада "Астана – 2014" халықаралық авторлық әндер байқауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Шілденің 25-27-сі аралығында Астанада "Астана – 2014" халықаралық авторлық әндер байқауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қазақстанның, Ресейдің белгілі авторлары мен орындаушылары үш күнге созылатын музыка байқауына жиналады. 

Осы жолы байқауға Юлий Ким, Михаил Щербаков, Михаил Кочетков, Раиса Нур, Жеңіс Ысқақов, Александр Бормотов және басқа да көптеген орындаушылар қонақ ретінде қатысады. Астана тұрғындары мен қонақтары тамаша ән мерекесіне куә болмақ.

Айта кету керек, қазіргі таңда авторлық әндер жанры жандана түсуде. Аталған байқау ТМД елдерінде ең маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды.   

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети