Астанада Муз-ТВ жүлдесі келеңсіз жағдайдан басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада жауып кеткен жаңбырдан кейін трансляция үзіліп қалды.
Қызыл кілеммен салтанатты түрде жүріп өту шарасы 18.30-да басталды. Оған қазақстандық және ресейлік эстраданың әртістері қатысты. 21.00-ге таман жел тұрып, қызыл кілемде орнатылған безендірудің бір бөлігі құлады. Кейбір құралма заттар қонақтардың үстіне құлады. Мәселен, Никита Пресняков зардап шекті. Ол селфи жасағысы келген кезде үстіне безендірулер құлады.

Жүлденің тікелей трансляциясы 21.00-де басталуы тиіс болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты басталу уақыты кешіктірілді. Жүлде жүргізушілері көрермендерден тарқап кетпеуді сұрады, олар жаңбырдың басылғанын айтты. Айта кетейік, "Астана Арена" стадионының көрермендері су астында қалды - стадион шатыры тесілген.