Астанада "Қазақстан дауысының" іріктеу сынына 600 адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Қазақстан дауысының" іріктеу сынына 600 адам қатысты Жоба логотипі.

"Қазақстан дауысы" ұлттық музыкалық жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 600-дей адам қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан дауысы" ұлттық музыкалық жобасының Астанадағы іріктеу кезеңіне 600-дей адам қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның іріктеу сыны Астанада 27 шілде күні өтті. Оған Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Орал, Семей, Жезқазған, Теміртау, Астана және басқа да қалалардан адамдар қатысты. Ресейдің Омбы мен Томск қалаларынан келгендер де болды. Өткен жылғы іріктеу кезеңдерінде барлығы 10 000-дай адам бақ сынаған еді, оның ішінде, Ресейдің Новосібір қаласынан үміткерлердің келгені есімізде.

Биылғы жобаға іріктеу Алматы қаласында 6 тамыз күні Төле би көшесі, 296 А мекенжайы бойынша өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оған Қытай мен Моңғолияның қазақтары да қатысқалы отыр. Жоба "Қазақстан" ұлттық арнасынан 26 қазаннан бастап көрсетіледі. Оның SMS-дауыс беру мүмкіндігі 2015 жылдың 11 қаңтарынан басталады. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. "Қазақстан дауысына" қатысу – тегін, жеке басты куәландыратын құжат қана қажет.

Жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі - қатысушылар вокалының ғана бағаланатыны. Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев сынды танымал жұлдыздар алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушының ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың арасынан үздік орындаушы дауыс беру арқылы анықталады. Финалға дейінгі кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. 

"Қазақстан дауысы" -  The Voice of Holland (Нидерланды) немесе "Голос" түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы, ол 2013 жылдың жазында алғаш рет қолға алынды. Алғашқы маусымның жеңімпазы - қостанайлық Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері Нұрлан Албан болды. Байқау жеңімпазы әлемге әйгілі Universal дыбыс жазу студиясымен бір жылға келісімшартқа отыру мүмкіндіне қол жеткізіп, 5 миллион теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети