Астанада Тото Кутуньо, Робертино Лоретти және Ricchi e poveri өнер көрсетеді

13 Шілде 2017, 10:32
0
Астанада Тото Кутуньо, Робертино Лоретти және Ricchi e poveri өнер көрсетеді -

Астанада "Сан-Ремо" италиялық әндер фестивалінде Тото Кутуньо, Робертино Лоретти және Ricchi e poveri өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан елордасында "Сан-Ремо жұлдыздары Астанада" италиялық музыка концерті өтеді. Астана қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мәліметінше, концертте италиялық аңыз әншілер Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, группы "Ricchi e poveri" және "Hit Italy" өнер көрсетеді. 

Кеш барысында артистер 80-жылдардағы хиттерді орындайды, оның ішінде барша әлемге танымал L’italiano, Solo noi, O Sole mio, Sarà perché ti amo, Mamma Maria, Jamaica және т.б. сынды композициялар бар.

Концерт "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында өтеді, сондай-ақ Қазақстан мен Италияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орайластырылады.

Айта кетейік, "Сан-Ремо" италиялық музыка фестивалі - жыл сайын ақпан айының ортасында Италияның солтүстік-батысында орналасқан курорттық қалада өткізілетін танымал музыкалық байқау. Аңызға айналған музыкалық фестиваль 1951 жылдан бері талантты музыканттар мен орындаушылар үшін есігін айқара ашып келеді. Адриано Челентано, Клаудиа Мори және Тото Кутуньо сынды әлемге әйгілі әншілер кезінде осы "Сан-Ремодағы италиялық ән фестивалінен" шыққан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай