17 наурыз 2014 17:33

Астаналықтар мен алматылықтарға мерекелік концерттер ұсынылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мерекесі Наурыз мерекесі

22 наурыз күні Қазақстан өнер жұлдыздарының қатысуымен Алматы тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт өтеді. Ұлыстың Ұлы Күні Республика алаңында сағат 14.00-16.00 аралығында "Алмалы КZ" балалар шығармашылық ұжымының гала-концерті болады, - деп хабарлайды, Tengrinews.kz. 17.00-20.00 аралығында JCS тобы ән шырқайды және Nomad каскадерлық тобы өнер көрсетеді. Концерт соңы отшашуға ұласпақ. Алматылықтар Республика алаңынан басқа қаланың әр ауданында Наурыз тойын тойлата алады. Сондай-ақ Астана қаласында да Наурыз мерекесіне орай бірнеше мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. 19 наурыз күні М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Леопольд мысықтың туған күні" атты спектакльдің премьерасы өтеді. 17-19 наурыз аралығында Оқушылар сарайында "Наурыз ару" атты ертегінің премьерасы болады. 19 наурыз күні қазақ агротехникалық университетінде "Арсмысың, әз Наурыз!" атты көрме ұйымдастырылмақ. 21 наурыз күні астаналықтар мен қала тұрғындары үшін Конгресс-холлда "Наурыз мейрамы-2014" атты көрме өтеді. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында "Жалын жұтқан Жанна д’Арк" спектаклі көрсетіледі. "Жастар" сарайында КВН болады. Сондай-ақ "Нағыз қазақ – домбыра" атты концерт те көрермендер назарына ұсынылады. "Астана-Опера" камералық залында 19 наурыз күні көрермен назарына "Ән шашу" атты концерт ұсынылмақ. 22 наурыз күні Конгресс-холлда "Ән мен әнші" концерттік бағдарламасы, 24 наурызда "Жастар" сарайында "Ақ көгершін" фестивалі, сол күні Конгресс-холлда "Мадагаскар" ертегі-спектаклі көрсетіледі. Бейбітшілік және келісім сарайында "Қозы Көрпеш – Баян сұлу", Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Мастер және Маргарита" спектаклі қойылмақ. 25 наурыз күні Конгресс-холлда әнші Перизат Тұрарованың жеке концерті, ал 26 наурыз күні "Нұр сәулем-ай" атты концерт көпшілікті қуанышқа бөлемек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети