Баян Есентаева шәкірттерінің плагиат болып шықты делінген бейнебаянына байланысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева шәкірттерінің плагиат болып шықты делінген бейнебаянына байланысты түсінік берді Баян Есентаева. © astinfo.kz

Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында "Алау" тобының "плагиат" болып шықты делінген бейнебаянына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында "Алау" тобының "плагиат" болып шықты делінген бейнебаянына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продюсердің айтуынша, бұл ешқандай да плагиат емес. Туындыны кавер-нұсқа деп атау керек екен. Айта кетейік, осыған дейін "Алау" тобының "Гүл әпше" деп аталатын әнінің бейнебаяны жарық көріп, "Гәкку" телеарнасы бұл туындыны ұрланған деп, хабар таратты. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, туындының әні "ұрланған". Оны 30-жылдарда атақты әнші Мария Лэтэрэцу орындаған. Бір ғасырға жуық уақытта бұл туындыны 15-ке жуық әнші орындап шыққан. Олардың арасында әйгілі Эдит Пиаф та бар.

Алайда, Баян Есентаева бұл әннің әуенін өзіміз жаздық деп мәлімдемегенін алға тартты. " (...) @gakkutv бізді негізсіз түрде "ұрлықшылар" деп атады. Бұл әннің шыққанына 100 жылдай уақыт өтті. Отызыншы жылдарда бұл әнді Эдит Пиаф та орындаған, сонда ол да ұры болып тұр ма? Ал қазірде қайталап айту және өз нұсқаңды ұсыну плагиат емес, кавер деп аталады", - деді Есентаева мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол телеарнаның кешірім сұрағаны дұрыс деп есептейтінін де айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети