Продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырды. Жаңа топтың мүшелері "Қазақстан" ұлттық телеарнасындағы "Түнгі студияда" бағдарламасында белгілі болды.
Instagram парақшасында продюсер топ мүшелерінің есімдерін атады. Олар Ержан Мұқатаев, Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек пен Хамит Сатаев. Есентаева жуырда бұл топтың бейнебаяны жарыққа шығады деп сөз берді.
Айта кетейік, "Алау" тобының толық құрамы соңғы күндерге дейін құпия сақталды.

"Алау" тобы "Қазақстан" телеарнасының студиясында. © instagram.com

© instagram.com

Бойз-бэнд мүшелері - Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек, Хамит Сатаев және Ержан Мұқатаев. © instagram.com

Баян Есентаева шәкірттерімен бірге Нұрлан Қоянбаевта қонақта. © instagram.com

Жаңа топтың тыңдармандары "Түнгі студия" бағдарламасынан кейін. © instagram.com
Баян Есентаева қазақстандық жұлдыздардың арасында Instagram желісін белсенді қолданады. Қазіргі таңда оның аккаунтына миллионнан аса адам жазылған.