Баян Есентаева жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырады

© "Қазақстан" ТРК баспасөз қызметі

Қазақстандық продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаева жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" ТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таныстырылым 30 қарашада Астана уақыты бойынша 23.00-де "Қазақстан" телеарнасындағы "Түнгі студияда" бағдарламасында өтеді. Осыған дейін Есентаеваның ер адамдардан тұратын музыкалық ұжымның продюсері болатыны жайлы мәлімет тараған болатын. Алайда бүгінге дейін топтың мүшелері жайлы ақпарат жоқ болды.


"Қазақстан" ТРК баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

Топтың таныстырылымында Есентаева жұртшылықтың алдына жаңа образда және өзінің жаңа шәкірттерімен шығады деп күтіліп отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама