Баян Есентаева жігіттерден құрылған жаңа топты таныстырады

26 Тамыз 2015, 18:54
0
Баян Есентаева жігіттерден құрылған жаңа топты таныстырады - © Gakku.kz
© Gakku.kz

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева жігіттерден құрылған жаңа топты таныстырады, - деп хабарлайды Gakku арнасы. Продюсер таяуда жігіттерден құрылған жаңа топпен бірге, дауыс диапазоны кең әнші қызды елге таныстыратынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін продюсерлік орталықтан бұрын КешYou тобында өнер көрсетіп, қазіргі уақытта жеке шығармашылықпен айналысып жүрген Кәмшат Жолдыбаева кеткен болатын. Есентаева оның кету себебін былай деп түсіндірді: "Кәмшат маған келгенде 21-ден асқан қыз еді. 5-6 жыл бірге жұмыс істедік. Ешбір универдің, магистратураның бермейтін білімін алды. Етек-жеңін жинады. Бүгінде тәжірибелі маман болды. Енді жеке жұмыс істеп көрсін".

Телеарнаның мәліметінше, орталықтан Жанар Доғалова да кетеді. "Жасы біразға келген ақылды қыздар ғой. Оларға жетекшінің қазір керегі жоқ деп ойлаймын. Болашақта Жанарды да өнер айдынында еркін жүзуге жіберемін. Бірақ әзір келісімшартта көрсетілген кейбір міндеттері бар. Соны орындау керек", - деді Баян Есентаева. Продюсер Жанарды суретшіге теңеді. "Суретшінің қиялына шектеу қоя алмайсың. Енді өз еркімен еңбектеніп көрсін", - деді.

Дереккөз: Gakku телеарнасы

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай