Баян Есентаеваның сіңлісі достарына: Сіздерден өтінемін, тоқтатыңыздаршы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваның сіңлісі достарына: Сіздерден өтінемін, тоқтатыңыздаршы

Таяуда ауыр жағдайда ауруханаға түскен продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның туған сіңлісі Бағым Мұхитденова Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде достарына өтініш айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда ауыр жағдайда ауруханаға түскен продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның туған сіңлісі Бағым Мұхитденова Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде достарына өтініш айтты.

"Құрметті достар! Бұл күндері әлеуметтік желілерге кіретін жағдайым болған жоқ, себебі біздің жанұямызда қасірет және Алла мұндайды ешкімнің басына жазбасын. Мен әпкемнен айырылып қаламын деп ойладым! Ол менің ең жақын адамым, мені бала кезімде баққан, сабағыма көмектескен, киімімді тігіп беріп, пионерлер галстугын жуып берген және бүгін ештеңе өзгерген жоқ, ол менің сол әпкем болып қала береді... Қазір ол қорғансыз жатыр, кім-кішкентай, ол сіздердің тиісе сөйлегендеріңізге жауап бере алмайды, өз суреттерін жариялауға тыйым сала алмайды (суреттерді не этикасы, не адамгершілігі, не тәртібі, не мәдениеті жоқ аурухана медбикелерінің бірі салыпты, сол үшін лайықты жазасын алады). Сіздерден өтініп сұраймын, мұның бәрін тоқтатыңыздаршы... Баян ТЕМІРДЕН ЖАСАЛМАҒАН, ОЛ КІШКЕНТАЙ ҒАНА ӘЙЕЛ, ол еліміздің дамуына үлес қосқан адам және бұл сөзіме ешкім қарсы шыға алмайды! Сіздерден өтінемін, ТОҚТАТЫҢЫЗДАРШЫ...", - деп жазды Бағым Мұхитденова (автор мәтінінің емлесі сақталды - Авт.).

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ оны үш тәулікке қамады, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Талғар аудандық ІІБ басшысы Асқар Шайхиннің айтуынша, оқиға кезінде Бақытбек Есентаев мас болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети