Баян Есентаеваның тобы енді дуэт болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаеваның тобы енді дуэт болады

Shine Production продюсерлік орталыққа қарасты "Лашын" триосы енді дуэт болады, - деп хабарлайды Massaget.kz сайтының тілшісі топтың жеке парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Shine Production продюсерлік орталыққа қарасты "Лашын" триосы енді дуэт болады, - деп хабарлайды Massaget.kz сайтының тілшісі топтың жеке парақшасына сілтеме жасап.

Көрерменнің ықыласына ие болған "Лашын" триосынан жас әнші Ақбота Айтқұлова кетеді. Instagram желісіндегі топтың жеке парақшасында қыздар "Өкінішке орай Ақбота топтан кетуге мәжбүр болды. Біз Ақботаға тек сәттілік тілейміз! Енді құстың қос қанатындай болып Сара мен Элизат "Лашын" тобының абыройын асқақтатады деген үміттеміз" деп хабарлады. Ақботаның топтан кетуіне денсаулығы себеп болғанын Баян өзінің инстапарақшасында айтып өтті. Ол: "Бота, біз сенің орныңды басатын қыз іздемейміз. Жазылып кет! Мүмкін бәрі оңына келіп, топқа да қайтып ораларсың" деп жазды. 

Ақбота бұл топқа Баян Есентаева ұйымдастырған кастинг арқылы кірді. Оның Баянның продюсерлік орталығында ән айтуына тоғыз айдай уақыт өткен еді.

"Лашын" тобы жақында "Жаса, туған жер!" атты әуен мен бейнебаян шығарып, халыққа таныстырған еді. Патриоттық рух, сұлулық пен батылдықты насихайттайтын бұл бейнебаян көптің көңілінен шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети