Бүгін, 19 қарашада, Минскіде Junior Eurovision-2018 ән байқауының ашылу салтанаты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы күні 20 елден келген байқауға қатысушылардың қай кезекпен өнер көрсететінін анықтау үшін жеребе тасталады.

"Хабар" телеарнасы Астана уақыты бойынша 23:00-де ашылу салтанатын көрсетуді бастайды.
Junior Eurovision байқауында Қазақстанның намысын Данэлия Төлешова қорғайды. Ол қазақ және ағылшын тілінде жазылған "Өзіңе сен" әнін орындайды.
Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауы - "Евровидения" байқауының аналогы, алайда онда 9-14 жас аралығындағы балалар өнер көрсетеді.
25 қарашада гранд-финал өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады.
Байқаудың ережесіне сай, қатысушыларға қазылар алқасы (3 ересек және 2 бала) мен көрермендер дауыс бере алады.
Дауыс беру, оның ішінде қазақстандық көрермендер үшін 23 қарашада junioreurovision.tv сайытнда ашылып, 25 қарашаға дейін жалғасады. Көрермендерге 5 елдің қатысушысына дауыс беруге мүмкіндік берілген. Дауыс берудің нәтижесі гранд-финал кезінде жарияланады.
Junior Eurovision байқауында көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.