"Балет музыкасы" атты концертті TengrinewsTV онлайн көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балет музыкасы" атты концертті TengrinewsTV онлайн көрсетеді ©astanaopera.kz

21 ақпан күні "Астана Опера" театрында өтетін "Балет музыкасы" атты концертті TengrinewsTV онлайн көрсетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Астана Опера" театрының камералық залында Чайковский, Минкус, Перселл, Гуно, Асафьев, Салаватов сынды музыканттардың балетке арнап жазған музыкаларын кіші симфониялық оркестр орындайды. Концертке театр солистері қатысады. Олардың қатарында Салтанат Ахметова, Бағдат Әбілханов, Мұхамеджан Ахатов, Толқын Қалибаева және Любовь Ткаченко сынды өнер иелері бар. Балетке арналған музыканың басқалардан ерекшелігі терең мазмұны мен биге деген икемділігінде. Ондағы әрбір сахналық образ өзінің музыкалық сипатына ие. Ұлы сазгерлердің балеттері бірбүтін және өте тұрақтылыққа құрылған. Мұндағы би нөмірлерін алмастыру мүмкін емес. Оларды біріктіретін бір мазмұн. Айталық, Чайковскийдің балеттері симфониялық балеттер деп аталады, өйткені олар симфониялық музыкамен тығыз байланысты. "Балет музыкасының симфониялық музыкадан айырмашылығы, онда хореографиялық қимыл, би тілі, понтамимо, сахна талабы ескеріледі. Концертте балеттік музыканы тыңдап отырып-ақ бидің қимылдары көз алдымызға келеді. Балет музыкасы тыңдауға да өте жағымды музыкалық көркем шығарма", дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова. Концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Рахымжан Баспаев дирижерлік етеді. Концерт сағат 19.30-да басталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети