15 қыркүйек 2017 | 08:39

"Банд’Эрос" тобының бұрынғы әншісі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рада Змихновская Рада Змихновская

"Банд’Эрос" тобының бұрынғы солисі Рада Змихновскаяның өлімі расталды. Өліміне миға қан кету себеп болған. Бұл мәліметті ұжымның баспасөз қызметі Hello журналына хабарлаған. 


Иконка комментария блок соц сети

"Банд’Эрос" тобының бұрынғы солисі Рада Змихновскаяның өлімі расталды. Өліміне миға қан кету себеп болған. Бұл мәліметті ұжымның баспасөз қызметі Hello журналына хабарлаған. 

Әншінің өлімі Күндегі жарқылдармен байланыстырылып отыр. "Рада құрбысына Калифорнияға барған. Сол жақта таяудағы Күннің жарқылынан оның миына қан кеткен. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілген, бірнеше күн бойы ес-түссіз жатты - дәрігерлер оны құтқара алмады. Бүгін таңда (кеше, 14 қыркүйекте - Авт.) ол қайтыс болды", - деп хабарлапты топ өкілдері.  

 
Рада Змихновская (сол жақта), архив сурет. © hellomagazine.com

Ал Dni.ru порталы Рада Змихновскаяның жеке өмірі жайлы кейбір деректерді анықтап көріпті. Сөйтсек, әншінің күйеуі заң қудалауынан қорқып, шетелге қашып кетіпті. Әнші күйеуі Александрмен Жоғарғы комсомол мектебінде оқыған кезінде танысқан. Күйеуі бизнеспен айналысып жүріп, кейін аса ірі сомада ақша жымқырды деген айып тағылғаннан кейін Түркияға қашып кеткен делінеді. Тергеу органдарының мәліметінше, ол 450 миллион рубль жымқырған. 

"Александрдың үйі мен пәтерін сот арқылы тәркілеуден кейін Раза Змихновскаяның Америкада миына қан кетіп өлгені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайтын сияқты. Қалай болса да, әншінің қайтару мүмкін емес", - деп жазады басылым тілшісі. 

Рада (Родика) Змихновская "Банд’Эрос" тобын құрғандардың бірі, өзі осы топтың бірінші солисі болған. Ол ұжымнан 2007 жылы кеткен, кейбір мәлімет бойынша бұған жүктілігі себеп болған. Топтың ең танымал әндері - "Коламбия Пикчерз не представляет" және "Не зарекайся".

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети