04 желтоқсан 2015 17:52

Батырхан Шүкеновті еске алу кешінен түскен қаражат оның ұлына беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Шүкенов Мақсұт Шүкенов

Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерттен жиналған қаражат оның АҚШ-та тұрып жатқан ұлы Мақсұтқа беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов айтты.


Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерттен жиналған қаражат оның АҚШ-та тұрып жатқан ұлы Мақсұтқа беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық әншінің азаматтық некедегі жары ұлы үшін меценаттардан көмек сұраған болатын. Әншінің қазасынан кейін олар АҚШ-та тұрып жатқан үйлерінен кетуге мәжбүр болған.

"Біз бұл концертті коммерциялық мақсатта ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Бұл қайырымдылық кеші, одан түскен қаржы Мақсұтқа жіберіледі. Билеттер сатылымға шығарылды. Осы концертке билет сатып алғандар қайырымдылық мақсатындағы іске үлес қосар еді", - деді Байқанов. Баспасөз жиыны кезінде концерттің жанды дауыста өткізілетіні, кештің 3 сағатқа созылатыны айтылды. Қазірге дейін билеттердің 50 пайызы сатылып кеткен.

Әнші Дильназ Ахмадиева концертте орын болмайды деп үміттенетінін айтты. Ол Мақпал Исабековамен бірге "Дождь" әнін орындайды. "Бізде кәсіби мамандар көп. Батырдың әндерін өзара бөлісіп алдық. Кейбірі бір әннен орындаса, кейбір әншілер екі ән алды. Мысалы мен Мақпал Исабековамен бірге "Дождь" әнін орындаймын", - деді Ахмадиева.

Мақсұт сабақтарына байланысты концертке келе алмайтын болды. "Біз Мақсұттан кештің қаһарманын жасамауымыз керек. Біздің ең басты міндетіміз - оның отбасына көмектесу", - деді ҚР халық әртісі Роза Рымбаева.

Сонымен қатар, Байқанов болашақтағы жоспарларымен де бөлісе кетті. Ол қазақстандық жас орындаушыларды қолдау мақсатында Батырхан Шүкенов атындағы жыл сайынғы фестиваль ұйымдастыруды жоспарлағанын айтты. "Біз осындай өтінішпен қалалық әкімдікке хабарластық. Олар бізге қолдау көрсетеді деп үміттенеміз", - деді ол.

Алматыда алдағы көктемде музыканттың атындағы мәдени орталықтың құрылысы басталады. Онда мектеп, студия, концерт залы мен мұражай болады.

Айта кетейік, концертті Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қор ұйымдастырып отыр. Кеш 8 желтоқсан күні Алматыдағы Республика Сарайында өтеді. Концертте әншінің ең танымал 30 әні орындалады. Олардың ішінде "Джулия", "Твои шаги", "Стоп, ночь", "Отан ана", "Сағым дүние" атты әндері бар. Шүкеновтің әндерін оның достары орындайды: Роза Рымбаева, Еркеш Шакеев, "А’Студио", JCS тбы, Дильназ Ахмадиева, "Мюзикола" тобы, Владимир Пресняков, Игорь Саруханов, Юлия Началова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети