Астанада Батырхан Шүкеновтің орындауындағы әнге түсірілген бейнебаян таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Батырхан Шүкеновтің орындауындағы әнге түсірілген бейнебаян таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана күніне орай "Қазақстан" ұлттық арнасы композитор Ренат Гайсин мен ақын Шөмішбай Сариевтың Батырхан Шүкеновтің орындауындағы "Жүрегiмде Астана" әніне түсірілген бейнебаянын таныстырды.
Айта кетейік, бейнебаянды жобаның бас продюсері Жеңіс Тұматаев түсірді. Бейнебаянның қоюшы режиссері - Валерий Задарновский, ал қоюшы операторы - Александр Костылев.
Жаңа бейнебаяннан үзінді
Бұл ән Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың "Аманат" атты соңғы альбомына енген болатын. Айта кетейік, бейнебаянның толық нұсқасы 6 шілдеде ұлттық арнада көрсетіледі.
Бейнебаян Астана қаласының әр аумағында түсірілген. Онда қаланың көркем жерлері көрсетіледі. Сонымен қатар, отандық кинематографияның тарихында тұңғыш рет арнайы эффектілерді қосу үшін кинообъективтер қолданылған. Бұл технология осыған дейін тек Голливудтық "Выживший" фильмінде қолданылған екен.
Айта кетейік, бейнебаянға қазақстандық эстрада жұлдыздары: Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Мақпал Исабекова, Майра Мұхамедқызы, Дильназ Ахмадиева, Ләйлә Сұлтанқызы мен әннің авторлары Шөмішбай Сариев пен Ренат Гайсин түскен. Сондай-ақ, видеоға Батырхан Шүкеновтің анасы да түсті.
Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.