Батырхан Шүкенов қатысқан "Один в один" шоуының соңғы шығарылымы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарламада Батырхан Шүкеновтің өмірден өтер алдында өз кумирі америкалық соул-әнші, пианиношы Стиви Уандердің әнін орындап, осы эфирдің жеңімпазы атанған сәтін бейнелеген жазба дайындалыпты.

Батырхан Шүкенов сұхбаттарында Стиви Уандердің әрқашан да сүйікті орындаушысы болғанын атап өткен, сондықтан қазақстандық әнші үшін бұл орындауы ерекше болды.
Эфир соңында Игорь Верник Батырхан Шүкеновтің уақытынан бұрын жеңімпаз атанғанын жария етті. "Один в один" шоуының осы шығарылымында Батырхан Шүкенов Стиви Уандердің образында өнер көрсетті. Барлығымыз оны құттықтап жаттық және ол өте, өте бақытты болды. Кейін қайғы болды. Ертең ол 53 жасқа толар еді. Бірақ Батыр өте жарқын адам болатын, ол осының барлығы бұлайша аяқталуына келіспес еді. Сондықтан осы маусымда бізде екі жеңімпаз болады деп шештік. Біреуінің есімін біз білеміз - Батыр Шүкенов. Браво! Браво, Батыр, айқын жеңісіңмен құттықтаймыз!", - деп мәлімдеді Верник.
Батырхан Шүкенов "Один в один" шоуының жалғасқан үш айында көш бастап келе жатқан еді, ол бес финалистің қатарына кірді. Орындаушының қазасы жайлы хабар "Один в один" шоуының барлық қатысушыларын абдыратып тастады. Олар көңіл айтты.
12 шығарылымда Батырхан Шүкенов Луи Армстронг, Лучано Паваротти, Юрий Антонов, Мұрат Насыров, Леонид Агутин, Кола Бельда, Владимир Шахрин, Лиз Митчелл, Сезария Эвора, Владимир Кузьмин және Тынис Мяги сияқты әйгілі әртістердің образын жасады. Екі эфирден кейін шоудың финалы өтуі керек еді. Батырхан Шүкеновтің осы бағдарламада орындаған әндерін мына сілтемеден көре аласыздар.