04 қаңтар 2017 | 13:20

Батырхан Шүкеновтің тыңдармандары Азиада-2011 әнұранының ресейлік ТВ-да басқаша айтылғанына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкеновтің тыңдармандары Азиада-2011 әнұранының ресейлік ТВ-да жаңажылдық мәнерде орындалғанына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Батырхан Шүкенов атындағы қор" Қоғамдық қорының директоры әрі әншінің досы Олжас Байқанов осыған дейін Игорь Крутойдың әні мен Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған "Жұлдызым" әнін  Батырхан Шүкенов пен Роза Рымбаева Азиада-2011 ашылуында айтқанын еске салды.

Иконка комментария блок соц сети

Сөзі өзгерген әннің жаңа нұсқасын танымал әнші Ани Лорак ресейлік ТВ-дағы жаңажылдық бағдарламалардың бірінде орындаған. 

"Бұл, әрине, өте өкінішті жағдай... Азиаданың ашылу салтанатында Астанада Батыр мен Роза Рымбаеваның осы әнді орындағаны есімде. Бұл әнді басқа біреудің орындағанын қаншалықты дұрыс деп сұрап жатқандар көп. Әуенін Игорь Крутой жазған. Оған құқықтық жағынан шағым болмауы тиіс. Ал адамгершілік тұрғысынан ше? (...) Бұл ән Ұлықбек Есдәулет жазған "Жұлдызым" әні ретінде есте қалатын шығар деп ойлаймын", - деп жазды Олжас Байқанов Facebook желісінде.

Олжас Байқанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл жағдайға байланысты Игорь Крутойдың продюсерлік орталығына хабарласпағанын айтты.

"Батыр мен Роза Қуанышқызы орындаған Азиада әнұранының қайталап орындағаны өкінішті. Қазақстандықтардың есінде бұл ән Батыр орындаған ән ретінде қалғанын қалаймын. Себебі әннің осы нұсқасы тыңдарманның жүрегін жаулап алды. Ал кейін айтылған ән жаңажылдық мәнде айтылып жүр. Бірақ ол бастапқыда Азиада-2011 әнұраны ретінде шықты ғой! Бастапқыда бұл әнді Батыр айтады деп достық пейілмен келіскен - сөйтіп, ешқандай да құжатқа қол қойылмаған", - дейді Байқанов.

Ал "Максим, Максим" бағдарламасында Ани Лорак Игорь Крутой бұл әнді өзіне лайықтап жазған деп мәлімдеді. "Игорь Яковлевич Крутой өте жақсы композитор. Маған арайы жаңажылдық ән жазды, оны Игорь Крутой Академиясының хорымен қуана-қуана орындап беремін", - деген еді әнші Максим Галкиннің бағдарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети