Бахтың әйгілі туындыларын оның әйелі жазған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бахтың әйгілі туындыларын оның әйелі жазған болуы мүмкін ©Wikipedia.org

Иоганн Себастьян Бахтың бірнеше әйгілі музыкалық композициясын оның екінші әйеоі Анна Магдалена Бах жазған болуы мүмкін. Daily Mail басылымының хабарлауы бойынша, мұндай болжамды австралиялық ғалым, Чарльз Дарвин университетінің музыка профессоры Мартин Джарвис жасады, ол Бахтың шығармаларын сараптап шықты.

Джарвис өз тұжырымдарын композитордың жазуын зерттеу негізінде жасап отыр, сонымен бірге ноталық қолжазбалар жазылған сиясы да зерттеліпті. Ғалымның айтуынша, Бахтың әйелі виолончельге арналған сюиталарды, сонымен бірге "Гольдберг вариациялары" туындысының ариясын шығарған. Анна Магдаленаның авторлығына "Жақсы екпінделетін клавир" шығармалар циклының бірінші кіріспесі де кіреді деп есептейді профессор.

Бах шығармаларын зерттеуге қолжазба мамандары және құжаттардың түпнұсқалығын анықтаумен айналысатын криминалистер де қатысқан. Криминалистердің бірі "ғылыми деректің ақылға қонымдылығына" негізге ала отырып, көрсетілген шығармаларды Бахтың әйелінікі деп есептейтінін мәлімдеген. 

Джарвис өткізген зерттеу деректі фильм түсіруге негіз болды. Бахтың шығармаларын нақты кім жазғаны жайлы айтылатын фильм Ұлыбританияда жақын күндері көрсетіледі. Айта кетейік, Анна Магдалена неміс әншісі әрі композиторы болған. Ол тұрмысқа шыққан уақыттан бері күйеуіне қолжазбаны қайта жазуға көмектесіп келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети