Баян Есентаева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық ұшақтағы суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баян Есентаева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қытайлық ұшақтағы суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көршілеріміздің толеранттылығы таңғалдырады, тіпті тамсандырады! Енді елестетіп көріңіздер, қытайлық әнші біздің ұшақта бейнеленсе, не болар еді?!", - деп жазды Есентаева Instagram желісінде.
Продюсердің оқырмандары қазақстандық жұлдызға қатысты айтқан бұл пікірін түсінбей дал.
Еске салайық, Қытайда ұшаққа Димаш Құдайбергеннің есімі берілген еді. Әншінің досы әрі PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуынша, бұл ұшақ Moonlight blade онлайн ойыны желісіне арналмақ және 22 тамызда бұл ұшақ Шанхайдан Бейжіңге алғашқы рейсін орындайды екен.
© instagram.com/asharimov
Кейін бұл туралы Димаш Құдайбергеннің өзі де жазды.
"Алғашқы суретім бейнеленген ұшақ бүгін бірінші рет әуеге ұшты. Барша құттықтауларыңызға рахмет. Алда әлі талай қуантамын Сіздерді, құрметті тыңдарман тілеулес қауым! Thank you, dears)", - деп жазды әнші.