Бейонсе әлемнің ең табысты әншілерінің көшін бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейонсе әлемнің ең табысты әншілерінің көшін бастады

Америкалық әнші Бейонсе Forbes журналының нұсқасы бойынша музыка әлеміндегі ең көп табыс табатын әйел атанды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық әнші Бейонсе Forbes журналының нұсқасы бойынша музыка әлеміндегі ең көп табыс табатын әйел атанды. 

Журналдың мәліметінше, 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың маусымына дейін Бейонсе 115 миллион доллар тапқан. Табысының айтарлықтай көп бөлігін ол концерттерінен және "Бейонсе" аталатын жаңа альбомының саудасынан түсірді. Сонымен бірге, әнші киім өндіруші швециялық H&M және америкалық PepsiCo корпорациясының жарнамаларына түсті. Журналдың мәліметінше, ол 2013 жылғы табысын екі еселеді - былтыр рейтингке ол 53 миллион доллар табыспен іліккен еді.

Рейтингтің екінші орнын кантри-әнші Тейлор Свифт иеленді. Оның жылдық табысы - 64 миллион доллар. Үшінші орын бір жылда 52 миллион доллар тапқан Пинкке тиді. Музыка әлеміндегі ең көп табысты әйелдердің бестігіне Рианна (48 миллион доллар) мен Кэти Перри (40 миллион доллар) де енді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети