29 қаңтар 2015 18:32

Бельгия музыканттары "Қамажай" әнін еуропалық мәнерде орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бельгиялық Julien Jaffres тобы. ©Youtube желісінен алынған кадр Бельгиялық Julien Jaffres тобы. ©Youtube желісінен алынған кадр

Julien Jaffres деп аталатын топ қазақтың халық әні - "Қамажайды" еуропалық мәнерде орындап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.TV


Julien Jaffres деп аталатын топ қазақтың халық әні - "Қамажайды" еуропалық мәнерде орындап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.TV

Еуропа мен Америкаға танымал топ қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатында неліктен "Қамажайды" орындауға шешім қабылдағанын айтты. Топтың бас гитарашысы Седрик Ватерсукттың айтуынша, "Қамажай" әні қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. 

Бельгиялықтар әнді орындамас бұрын Интернеттен бұл композицияның қалай шырқалатынын қарап шыққан. Енді бұл топ "Қамажай" әнін қазақстандық әншімен бірге орындағысы келеді. Айта кетейік, екі гитара, скрипка, волынка, барабан аспаптарымен орындалған халық әні олардың студиялық әнжинағының қатарына еніп үлгерген.  

 

Julien Jaffres тобы қазақ әндерін орындаған еуропалық тұңғыш орындаушы емес. Төрт жыл бұрын Бельгия әншісі Вим Роланд Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін шырқаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети