Биыл "Алматы - іңкәрім менің" ретро фестивалі болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл "Алматы - іңкәрім менің" ретро фестивалі болмайды © Tengrinews.kz

Жыл сайынғы "Алматы - іңкәрім менің" музыкалық ретро фестивалі биыл өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл сайынғы "Алматы - іңкәрім менің" музыкалық ретро фестивалі биыл өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұйымдастырушылар жаңа тұжырымдама ойлап тапты, оны әлі пысықтау керек. Сондықтан да биыл өткізбей, келесі жылы тиісті дәрежеде ұйымдастыру керек деп шештік", - деді Алматы мәдениет басқармасының жетекшісі Маркен Ахметов.

"Алматы - іңкәрім менің" ең алғаш рет 1999 жылы өткізілді. Идея авторы - Дариға Назарбаева, ол фестивальді өткізу үшін ертедегі ретро-шлягерді еске түсіретін алаң орнату керек деген талап қойды. 15 жыл ішінде фестивальді бірнеше танымал адамдар ашып, шара арқылы қазақстандық жас әртістер көрермендердің жүрегіне жол тапты.

Фестивальді Сағынай Абдуллин мен Нағима Есқалиева жүргізіп келе жатыр. Әр жылдары фестиваль қонақтары Александр Зацепин, Любовь Казарновская, Александр Буйнов, Эдита Пьеха, Пупо (Италия), "Орэра", "Ялла", Лу Бега, Крис Норман, Африк Симон, Александр Буйнов, Александр Серов, "Арабески",Томас Андерс, Авраам Руссо, Николай Басков, Филипп Киркоров, Sandra, Натали, Army of Lovers тобы, E-type және Түрік хоры болды. "Алматы - іңкәрім менің" XV мерейтойлық шараның фотогалереясымен мына жерден таныса аласыздар.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети