29 сәуір 2018 | 11:28

"Бортта тозақ болды". Serebro әншісі ұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/serebro_official © Instagram/serebro_official

Serebro тобының әншісі Ольга Серебрякина Ресейден Черногорияға ұшқан ұшақтың апатты жағдайда қонғаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости. Ол ұшақта топтың бүкіл ұжымы болған.


Иконка комментария блок соц сети

Serebro тобының әншісі Ольга Серебрякина Ресейден Черногорияға ұшқан ұшақтың апатты жағдайда қонғаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости. Ол ұшақта топтың бүкіл ұжымы болған.

"Біз бүгін Черногорияға таңданарлық жағдайда қондық. Ұшып шыққан сәтте ұшақтың жалғасқанатшалары жабылмай қалды, ұшақтың құлауы мүмкін еді <…> Қонар алдында бір сағаттан артық уақыт бойы айналып ұшып жүрдік. Стюардеcсаларға қарап, бір жамандықтың болғанын ұқтық - барлығы дірілдеп, бозарып кетті. Басқа жерге апатты жағдайда қонатыны жарияланып, бортта дәрігерлердің бар немесе жоқ екені сұралды <…> Бізді апатты қонуға дайындады - денені қандай қалыпта ұстау керегі көрсетілді. Бортта тозақ болды - барлығы еңіреп, бақыра бастады", - деп жазды Серебрякина Instagram парақшасында. 

Әншінің айтуынша, ұшақ әуежайға қонған соң жолаушыларды жедел жәрдем кареталары мен өрт сөндірушілер күтіп алды. Серебрякинаның айтуына қарағанда, топтың мүшелері есеңгіреп, концертке ден қою қиын болған.

"Бүгін біздің мерт болуымыз мүмкін еді. Ұшқыштың арқасында аман қалдық. Өтініш, сақ болыңыздар", - деп жазды әнші.

Әншінің сөзін Flightradar 24 порталының мәліметтері растады, оған сәйкес, әншілер Мәскеуден Тиватқа ұшып шыққан ұшақ бір сағат бойы әуежай маңында айналып ұшып жүрген. Бортында музыканттар болған S7 әуе компаниясы бұл оқиға жайлы түсінік бермеген.

 

Сегодня мы чудом приземлились в Черногории. Сразу после взлёта у нас не закрылись закрылки самолета и мы могли разбиться. Наш самолет пропал с радаров почти на час и никто не знал, где мы. Перед посадкой мы кружили больше часа. По стюардессам поняли, что происходит ужасное - все трясутся, бледные. Объявляют аварийную посадку в другом месте и спрашивают, есть ли на борту врачи. Мы должны были приземлиться в Тивате, а полетели в другое место - видимо, по техническим причинам. Нас готовили к аварийной посадке - показывали позы. На борту был ад - все рыдали, орали. Все стюардессы самолета S7, кроме одной, вели себя абсолютно непрофессионально. Объявление было треш - "При посадке будет три сильных удара. Закрывайте голову руками. Если сядем, вещи не брать - бежать из самолета». Тот факт, что мы сегодня приземлились - счастливый случай. За 11 лет в группе такого не было. Больше компании S7 в нашем райдере никогда не будет. Мы летели на концерт, чтобы дарить людям радость. Как перестроиться и выкинуть это из головы? Все выходили из самолета в полном шоке. Нас встречали пожарные

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети