Брейк-данстан Тбилисиде өткен халықаралық турнирде қазақстандық жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брейк-данстан Тбилисиде өткен халықаралық турнирде қазақстандық жеңімпаз атанды Killa Koly. Ұйымдастырушылар жолдаған сурет

Killa Kolya деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Николай Черников Шығыс Еуропаны таңғалдырды, ол Тбилисиде өткен брейк-данстан Red Bull BC One 2015 турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Killa Kolya деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Николай Черников Шығыс Еуропаны таңғалдырды, ол Тбилисиде өткен брейк-данстан Red Bull BC One 2015 турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді ол 14 қарашада Италияда өтетін әлемдік жарыста Қазақстанның намысын қорғайды. Red Bull BC One тарихында тұңғыш рет қазақстандық әлемдік сахнада өнер көрсетеді.

"Тбилисиге ұшып келгенде, жалғыз ой жеңіс болды. Екі жыл бұрын Киевте өткен дәл осындай финалда мен екінші айналымда жеңіліс таптым. Бағымды тағы бір мәрте сынап көру үшін осы күнді асыға күттім", - деді ол.

Killa Kolya финалда Украина қатысушысы Robin-мен бақ сынасты. Олардың екеуі де өзіндік ерекше стильмен өнер көрсетті, алайда әділ қазылар алқасы бір ауыздан Killa Kolya-ға дауыс берді. "Финал керемет болды. Мен қатысушылардың деңгейі осыншалық жоғары болады деп ойлаған жоқпын", - деді судья, Red Bull BC One Lilou екі дүркін әлем чемпионы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети