"Бірге әндетеміз”: Raim & Artur Máńgilik El Daýysy концертіне шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бірге әндетеміз”: Raim & Artur Máńgilik El Daýysy концертіне шақырады

"Сәукеле" және "Самая вышка" әндерімен танымал Raim & Artur алғашқы қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуына шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сәукеле" және "Самая вышка" әндерімен танымал Raim & Artur алғашқы қазақстандықтарды Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуына шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз 9 қараша күні Нұр Сұлтан қаласы, Qazaqstan Орталық концерт залында өтетін Máńgilik El Daýysy концертінде өнер көрсетеміз. Келіңіздер, бірге әндетеміз", - дейді олар видео жолдауларында.

Máńgilik El Daýysy жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады.

Еске салайық, тұңғыш қазақстандық Máńgilik El Daýysy музыка шоуы 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы, Qazaqstan Орталық концерт залында өтеді. Шараның басталу уақыты - 19:00. Сахнада Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Мадина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.

Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Аталмыш шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети