06 ақпан 2014 10:01

Британдық журнал адамзат тарихындағы үздік әнді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Smells Like Teen Spirit" әніне түсірілген клиптен үзінді "Smells Like Teen Spirit" әніне түсірілген клиптен үзінді

Аса танымал британдық "NME" музыкалық журналы адамзат тарихындағы ең үздік әндердің тізімін жариялады. Олардың пайымдауынша, сол үздіктер ішінен "Nirvana" тобының "Smells Like Teen Spirit" композициясы үздік шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Журналдың сәрсенбі күні шыққан санында жарияланған үздік әндер тізіміне барлығы 500 композиция енгізіліпті. Сонымен Бас жүл иегері "Smells Like Teen Spirit" композициясы. Тізімде екінші болып тұрған британдық Joy Division рок-тобының "Love Will Tear Us Apart" әні. Үшінші орында америкалық әнші Донны Саммердің "I Feel Love" әні тұр. Төртінші орынға тағы бір британдық The Smiths атты рок-тобының "How Soon Is Now?" композициясы орналастырылыпты. Үздік бестікті америкалық The Strokes рок-тобының "Last Nite" әні қорытындылаған. "Smells Like Teen Spirit" әнін 1991 жылы Курт Кобейн, Крис Новоселич пен Дейв Грол бірігіп жазған. Келісіп пішкен тон келте болмас дегендей бұл үштіктің ақылдаса отырып жазған әні Британияны айтпағанда, әлем бойынша да ұзақ уақыт үздік әндердің алдын бермей келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети