"Біржан - Сара" операсына жастар жиі барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біржан - Сара" операсына жастар жиі барады ©astanaopera.kz/Карла Нур

Мұқан Төлебаевтың "Біржан - Сара" операсына жастар жиі барады. "Астана Опера" театры зерттеуінің мәліметтеріне қарағанда, бірінші театр маусымында спектакльге келгендердің жартысының жас шамасы 18 бен 30 аралығында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Театрдың жаңа маусымында "Жібек жолы" халықаралық фестивалі шеңберінде "Біржан - Сара" операсы 20 қыркүйекте көрсетіледі. Біржан партиясын Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, тенор Ахмед Ағади орындайды. Сара ролінде әнші Айгүл Ниязова өнер көрсетеді. Біржанның анасы - Аналықтың партиясы Дина Хамзинаның еншісінде.

Абзал Мұхитдинов редакциялаған Мұқан Төлебаевтың туындысы "Астана Операда" 2013 жылдың 21 маусымында алғаш қойылған еді. Спектакльдің қоюшы режиссері - Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Александров. Костюмдер мен декорациялар Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окуневтің басшылығымен таңдалды. Операда қазақтың музыкалық-поэтикалық дәстүрі - айтыс бар сән-салтанатымен көрінеді.

"Біржан - Сара" операсы Қазақстанда ғана емес, әлемнің өзге елдерінде - Германияда, Түркияда, Ресей мен Өзбекстанда да сахналанып жүр. Туынды ең алғаш 1946 жылдың 7 қарашасында Алматыдағы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылды. Негізгі партияларды Әнуар Үмбетбаев пен Күләш Байсейітова орындады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети