Данэлия Төлешова өнер көрсеткенде "Голос. Дiти" шоуының қазылар алқасы көзіне жас алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данэлия Төлешова өнер көрсеткенде "Голос. Дiти" шоуының қазылар алқасы көзіне жас алды © 1plus1.ua

Алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешова "Голос. Діти" шоуының жартылай финалында сәтті өнер көрсетіп шықты. Жартылай финал жексенбіде "1+1" телеарнасынан кешкі уақытта көрсетілген болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешова "Голос. Діти" шоуының жартылай финалында сәтті өнер көрсетіп шықты. Жартылай финал жексенбіде "1+1" телеарнасынан кешкі уақытта көрсетілген болатын.

"Шынымен де осыған жеттім бе!!! Мен финалдамын!!! Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғысым шексіз, әсіресе, менің жетекшім Дима Монатикке рақмет", - деп жазды әнші қыз Instagram желісіндегі парақшасында.

10 жастағы қыз бұл жолы америкалық әнші Андра Дей айтатын Rise up композициясын орындап шықты. Шоу көрермендері Данэлияның даусына таңғалғандарын жасырмады, кейбір қазылар алқасы тіпті көзіне жас алды.

Еске сала кетейік, алматылық Данэлия Төлешова украиналық шоуда Деми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, әділқазылар мен көрермендердің таңдайын қақтырған. Данэлия ән сала бастаған сәтте-ақ қазылардың барлығы оған бұрылған болатын. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де қызға қолдау білдіріп, сенім артқанын айта кетейік. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети