Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны шықты

"Каникулы off-line" жаңа отбасылық комедияcының шығуына байланысты Данэлия Төлешова бейнебаян шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Каникулы off-line" жаңа отбасылық комедияcының шығуына байланысты Данэлия Төлешова бейнебаян шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео AlvinToday атымен танылған рэпермен бірге түсірілген. 

"Каникул off-line" фильмінің сюжеті тамаша деп ойлаймын, сондықтан саундтрек жазу идеясы маған бірден ұнады. Ұзақ ойланбастан келістім, жаңа бірегей тәжірибе үшін түсіру командасына алғысымды білдіремін. Енді бізде бәрі болды деп айта аламын, көрермендер мен тыңдаушыларға қызықты болады деп үміттенемін! Фильмде жұмыс істегендерге табыс, ал көрермендерге жақсылап тамашалауды тілеймін. Міндетті түрде киноға келіп, саундтректі тыңдаңыз", - деді Төлешова.

"Каникулы off-line" продюсері Ернар Құрмашев фильмнің идеясы жайлы айтып берді. 

"Көптеген ата-ана балалардың гаджеттерге тәуелділігін сезіп, оларды желінің әсерінен қорғауға ұмтылады. Біздің фильміміз осындай отбасыларға көмектескісі келеді, осы ретте мынаны айтқымыз келеді: "Көңіл көтергіңіз келсе, көбірек оқыңыз, тіл үйреніңіз, құрдастармен сөйлесіңіз, туған ауылда ата-анаңыз, туыстарыңызбен уақыт өткізіңіз". Ең бастысы - балалар мен жасөспірімдердің планшет экранына қарауын азайту", - дейді продюсер. 

"Данэлия бейнебаянның сюжеті бойынша оны байқамай тұрған балалардың жанынан өтеді, себебі олар гаджеттерде отырады. Біз фильмде көптеген отбасы тап болған шындықты көрсетеміз. Клип арқылы балаларды гаджеттен арылтуға көмектесетін сурет туралы айтқымыз келеді", - деді Ернар Құрмашев.

Сондай-ақ, Желіде #offlinechallenge іске қосылды, оның аясында картина жасаушылар қазақстандықтарға бетпе-бет қарым-қатынас жасауға және өзінің дамуына арналған планшет пен смартфонды пайдалану уақытын қысқартуды, гаджеттерді пайдаланудың орнына не істеу керектігін айтып, челленджді достарға жолдауды ұсынады.

"Каникулы off-line" фильмінің режиссері - Руслан Акун. 21 наурызда картина Қазақстанның барлық қаласында бір уақытта прокатқа шығады. Фильмде кәсіби ересек актерлермен бірге балалар да түсірілген. Басты рөлдерді Мейірғат Амангелдин, Бекзат Елеусізов, Еламан Есентаев, Ермұрат Меңтаев, Ясмин Нұрмақова, Мағжан Хамит, Камилли Болат, Арлан Нұртаев, Ажар Есенбай орындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети