Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Байқаудың ширек финалы жақында америкалық телеарнаның тікелей эфирінде өтті. Келесі кезеңге өткендер NBC сайтында көрермендердің дауысы арқылы анықталды. Сондай-ақ, байқаудың бірнеше қатысушысы жюри мүшелерінен қосымша ұпай алды.
"Лос-Анджелесте менің жанымда анам мен педагог Наталия Александровна бар. Біз сахнаға шығар алдында қатты қобалжыдық. Осында келер алдында маған үлкен салмақ түсті. Мен академиялық педагог Гүлзат Дәуірбаевадан қосымша сабақ алдым әрі ауырдым. Қуанышыма орай тез жазылдым. Маған қолдау білдіргендерге рақмет. Қазір қандай күйде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шоудағы атмосфера қандай керемет! Ол мені шабыттандырып, мотивация береді. Келесі кезеңге бұрынғыдай күн сайын дайындаламын", - дейді Данэлия Төлешова.
Бүгін шоуға қатысушылар баспасөз мәслихатына қатысып, АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат береді.
Жас әнші байқаудың ширек финалында Harry Styles Sign of the Times әнін орындады. Көрермендер мен жюри мүшелері Данэлия Төлешованың өнеріне жоғары баға берді.
Данэлия осыдан бірнеше күн бұрын анасы және ұстазымен бірге АҚШ-қа ұшып келген. Шоуға қатысушылар карантин талабын қатаң сақтауы керек.
"Біз ұшаққа отырмас бұрын коронавирустың бар-жоғына тест тапсырдық. Осында келген соң басқа қатысушылар сияқты карантинде болып, COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырдық. Барлығымыз аман-саумыз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, даусымды күтіп жүрмін. Тіпті, қонақүйдің өзінде тамақты есіктің алдына қалдырып кетеді", - дейді жас әншінің ұстазы Наталия Чуракова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!