Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті. Қазақстандық орындаушы бір тәулік ішінде АҚШ-та өткен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша фавориттер қатарында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финалға өту үшін дауыс беруге қатысушылардың үштігінде Данэлия да болған.

Айта кетейік, America's Got Talent шоуының 15-маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

"Осы уақыт бойы мені қолдап жатқандардың барлығына рақмет. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек, қатты тырысамын", - деді Данэлия.

Әншінің қандай ән орындайтыны әзірше белгісіз.

Еске салайық, мұның алдында Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсеткені хабарланған болатын. Данэлия ұлыбританиялық танымал әншіні Jessie J "Who you are" әнін орындаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети