Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "BraVo" кәсіби музыкалық жүлдесінің мүсіншесіне ие болды, оны франциялық әнші Изабель Жеффруа табыс етті, ол Zaz деген лақап атпен танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова "BraVo" кәсіби музыкалық жүлдесінің мүсіншесіне ие болды, оны франциялық әнші Изабель Жеффруа табыс етті, ол Zaz деген лақап атпен танылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қыздың пиар-агенттігіндегілердің айтуынша, Төлешова танымал әндер бойынша бірінші рет өткен "BraVo" халықаралық кәсіби музыкалық жүлдесінің "Болашаққа көзқарас" аталымында жеңіске жеткен. Марапаттау салтанаты кеше Кремльде өтті. Аты аңызға айналған Род Стюарт (Rod Steward), "Грэмми" жүлдесінің бірнеше мәрте иегері атанған Сил (Seal), "Europe" тобы және әнші Zaz гала-концерттің құрметті қонақтары болды.
Данэлия жүлдесін Zaz қолынан алды. Ол франциялық әншімен қосылып "Je veux" хитін орындады.
© Aurora Lifestyle PR Agency
Гала-концертте соңғы болып орындалған композиция да Төлешованыкі, "Другие" әні шырқалғанда жаппай флеш-моб өтті.
Кейін жас әнші жүлдеге ие болғаннан кейінгі сезімі туралы айтып берді.
© Aurora Lifestyle PR Agency
Еске сала кетейік, Данэлия Төлешова украиналық "Голос. Дiти" шоуының жеңімпазы атанған болатын. Ол суперфиналда "Не твоя війна" әнін орындады, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алды.
Бұған дейін Төлешова TengrinewsTV-ға сұхбат беріп, жеңісі жайлы, өзі жайлы әңгімелеп берген еді.